Жатақхана студенттерімен кездесу

- admin_atsc
- 06.12.2024
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
АИТВ-ның алдын алу жұмыстары күн тәртібінен түспейді. 1- Желтоқсандағы ЖИТС пен күрес күніне орайластырған акция аясында Атырау облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының бөлім меңгерушісі Аягөз Абылғазиева және эпидемиолог дәрігер Р.Мұқанова С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің жатақханасында студенттермен кездесті.
Кездесуде АИТВ-инфекциясы бойынша облыстағы эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары, диагностикасы мен емі туралы толық мәлімет берілді. Орталық өкілдері студенттер қойған сауалдарға жауап берді.
—
comments powered by HyperComments