Білім ордаларында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді

- admin_atsc
- 31.01.2025
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
20-24 қаңтар аралығында орталығымыздың маманы Мереке Баймуханова Атырау қаласының бірқатар мектептерінде АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша білімдерін арттыру және денсаулықты, оның ішінде қауіпсіз және жауапты мінез-құлықты сақтауға мотивацияны дамыту мақсатында шаралар ұйымдастырды. Шара барысында жоғары сынып оқушыларының қойған барлық сұрақтарына жауап беріліп, АИТВ жұқтыру жолдары туралы бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық-ағарту парақшалары таратылды.
comments powered by HyperComments