Ұжым атынан құттықтау

- admin_atsc
- 31.01.2025
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
АИТВ ұжымы Лаборатория бөлімінің меңгерушісі Күляш Вахитовнаны туған күнімен шын жүректен құттықтайды. Оның еңбекқорлығы, кәсіби біліктілігі мен ұжым алдындағы адалдығы әрдайым жоғары бағаланады. Күляш Вахитовна өзінің қажырлы еңбегімен көптеген әріптестеріне үлгі болып, ұжымдағы ынтымақтастық пен түсіністікті нығайтуда зор рөл атқарып келеді.
Атырау облысы медицина саласының “Сенім” кәсіподақ ұйымының директоры Майра Тұрланқызы да өз атынан жылы лебізін білдіріп, Күляш Вахитовнаға шын жүректен алғыс хат пен ақшалай сыйлығын табыстады.
Бұл сәттер ұжымда өзара құрмет пен ынтымақтастықты арттырып, еңбек адамдарының бағалануы мен олардың жұмысқа деген ынтасын нығайтуда маңызды рөл атқарады.
comments powered by HyperComments