Науқан аясында кездесу
- admin_atsc
- 24.11.2025
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Ішкі істер желілік бөлімшесі (ЛОВД) қызметкерлеріне АИТВ тақырыбында кеңейтілген түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу әдістері, ерте анықтаудың маңызы және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигманың зияны туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сондай-ақ, желілік бөлімше қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін орындау кезінде кездесуі мүмкін тәуекелі жоғары жағдайларда қалай дұрыс әрекет ету керектігі, өзін қорғау шаралары және қауіпсіздік алгоритмдері түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты — ішкі істер органдарының желілік бөлімшелерінде қызмет ететін мамандардың АИТВ туралы білімін арттырып, инфекцияның алдын алу мәдениетін нығайту.
comments powered by HyperComments










