Атырау қаласы ҚІНББ қызметкерлеріне АИТВ орталығының мамандары ақпараттық кездесу өткізді
- admin_atsc
- 27.11.2025
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау қаласы ҚІНББ қызметкерлеріне АИТВ орталығының мамандары ақпараттық кездесу өткізді. Шара ашық үстел форматында ұйымдастырылып, онда АИТВ инфекциясының алдын алу, берілу жолдары, стигма мен кемсітушілікке жол бермеу, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық дағдылары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Мамандар қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, өзекті деректермен бөлісті. Кездесудің мақсаты — қоғамда АИТВ жөнінде дұрыс түсінік қалыптастыру және жұқтыру қаупін төмендету бойынша ақпараттық сауаттылықты арттыру.
comments powered by HyperComments










