Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Клиникалық талдау өткізілді

Клиникалық талдау өткізілді
Атырау облыстық АИТВ орталығында 31 наурыз күні БМСК ұйымдары дәрігерлерімен бірге клиникалық талдау өткізілді. АИТВ-инфекциясымен кеш анықталған жағдайлар және арнайы емнен бас тартып, диспансерлеуден қол үзгендер туралы баяндалып, мұндай жағдайлардың алдын алып, тиісті контингенттерді тестілеумен, есепке алынғандарды арнайы еммен уақытылы толық қамтудың маңыздылығы атап өтілді. Бұл шаралар АИТВ жұқтырғандарды ерте анықтауға, арнайы ем арқылы олардың сапалы өмірін сақтауға мүмкіндік береді.
Осы мәселені сәуір айына жоспарланған облыстың медицина қызметкерлеріне арналған семинарда кеңінен талқылау туралы шешім қабылданды.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey