Облыстық офтальмология ауруханасының қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу және түсіндіру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды.
- admin_atsc
- 03.04.2026
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Облыстық офтальмология ауруханасының қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу және түсіндіру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны АИТВ мамандары Ж.Т. Бурабаева мен А. Бисенов өткізді.
Кездесу барысында мамандар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, ерте анықтаудың маңызы және стигма мен дискриминацияның алдын алу туралы жан-жақты ақпарат берді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.











