Атырау облыстық АИТВ  орталығы

№35 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

№35 мектеп оқушылары арасында АИТВ инфекциясының алдын алу және жастардың денсаулық мәселелері бойынша ақпараттандыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру жұмыстарын Асем Қанатқызы жүргізіп, оқушыларға АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу және сақтану шаралары туралы маңызды ақпарат берді.

Кездесу барысында АИТВ инфекциясынан қорғану жолдарына, жеке қауіпсіздік шараларына және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар оқушыларға АИТВ туралы ақпаратты сенімді дереккөздерден алудың және денсаулыққа қатысты мәселелерде мамандардың кеңесіне жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.

АИТВ туралы дұрыс ақпарат білу – инфекцияның алдын алудың маңызды қадамы.

Жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасын табады.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey