АИТВ инфекциясының алдын алу: тату-салондарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді
- admin_atsc
- 17.11.2026
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
АИТВ инфекциясының алдын алу және халықтың санитариялық сауаттылығын арттыру мақсатында Атырау облысында тату-салон қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мамандар салон қызметкерлеріне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, клиенттерге қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, сондай-ақ қолданылатын құралдарды сапалы дезинфекциялау, стерильдеу және дұрыс сақтау тәртібі туралы түсіндірді.
Әсіресе татуировка жасау, пирсинг және терінің тұтастығын бұзатын басқа да косметологиялық қызметтер кезінде инфекциялардың таралу қаупін болдырмауға ерекше назар аударылды.
Мамандар бір реттік құралдарды қайта пайдалануға жол бермеу, әрбір клиенттен кейін жұмыс орындары мен жабдықтарды тиісті деңгейде өңдеу, стерильді құралдарды пайдалану және жеке қорғаныш құралдарын міндетті түрде қолдану қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар АИТВ инфекциясының қан арқылы берілу жолдары, оның алдын алу шаралары және қауіпсіз қызмет көрсетудің маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.
АИТВ инфекциясының алдын алу – әрбір адамның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан қызмет көрсету орындарында санитариялық талаптарды қатаң сақтау, қауіпсіздік шараларын орындау және халықтың хабардарлығын арттыру инфекцияның таралу қаупін төмендетудің маңызды жолы болып табылады.
Әрбір клиенттің қауіпсіздігі – сапалы қызмет көрсетудің басты шарты!
comments powered by HyperComments










