Атырау мұнай өңдеу зауытында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өткізілді
- admin_atsc
- 25.11.2026
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
ЖИТС-пен күресудің дүниежүзілік күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлеріне «АИТВ инфекциясының жұғу жолдары мен алдын алу» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық дәріс өткізілді.
⚕️ Іс-шараға Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының директоры Айгүл Кудаманова мен дәрігер-эпидемиолог Жұлдыз Тулемисова қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алудың заманауи әдістері, уақтылы тестілеуден өтудің және ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, ниет білдірушілер үшін құпиялылық қағидаларын сақтай отырып, АИТВ-ға ерікті жедел -тестілеу ұйымдастырылды. Қатысушылар мамандарға өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып, кеңес алды.











