Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Репродуктивті денсаулық апталығы – медициналық студенттермен тәлімгерлік кездесу

Облыстық АИТВ орталығының  бөлім меңгерушісі А.Мұқанбетқалиева Репродуктивті денсаулық апталығы аясында Атырау жоғары медицина колледжі студенттерімен және  ұстаздарымен  «Репродуктивті денсаулық. Ерлер денсаулығы» тақырыбында тәлімгерлік  кездесу өткізді. Жастар денсаулығын қорғау, отбасын жоспарлау, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен  АИТВ-инфекциясының алдын алу, облыстағы эпидемиологиялық ахуал  туралы ақпараттар жастар назарына ұсынылды. Болашақ медицина қызметкерлері  алдағы еңбек жолында  қажет болатын пайдалы…

«ATYRAY RADIOSY» бағдарламасында АИТВ-инфекциясы мәселесі бойынша сұқбат

Атырау облыстық  АИТВ -инфекциясының   алдын алу  орталығының бөлім меңгерушісі  Айгүл  Мұқанбетқалиева    14 мамыр күні «ATYRAY RADIOSY»  «Бір дерек» бағдарламасында қонақта болды. Радио тыңдармандарына   Қазақстанда  репродуктивті  денсаулық апталығы мен  Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні  өткізіліп жатырғаны айтылып,  облыстағы эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясы оның берілу жолдары және АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралар  таныстырылды. Сонымен…

Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары!

Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы 2025 жылдың жаңартылған прейскурант бойынша қызмет көрсетеді. Мекен жайымыз : Владимирский көшесі 22Б , облыстық перинаталдық орталықтың жанында орналасқан, телефоны 21-11-03, 21-31-86.

№15 мекемесінде АИТВ туралы дәріс

Қылмыстық-атқару жүйесі  департаменінің  №15  мекемесінде жеке құрам  мен  сотталғандар арасында АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған  іс-шара өткізілді. Іс-шарада  мамандар дәріс өткізіп, қатысушыларға адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) жұғу жолдары мен оның алдын алу тәсілдері,сондай-ақ ұстара керек-жарақтарын қоса алғанда, жеке гигиена заттарын пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

№79 мекемесінің жеке құрамы мен медицина қызметкерлеріне дәріс өткізілді

2025 жылдың  16 сәуірінде облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары №23 мекемесінің  жеке құрамы арасында «АИТВ инфекциясының алдын алу. Арнайы контингент арасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигма және кемсіту» тақырыбында  дәріс  өткізілді.Сонымен қатармамандар пенитенциарлық мекемелердегі медицина қызметкерлеріне  АИТВ-жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен, қолданыстағы бұйрықтармен, қан алу кезінде кодтаудың дұрыстығымен, төтенше жағдай кезінде медицина қызметкерінің іс-әрекеттері туралы…

АИТВ –ның алдын алу шаралары күшейтілуде

Облыстық фтизиопульмонологиялық орталығына  АИТВ-инфекциясының алдын алу   орталығы мамандарының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру семинары өтті. Кездесудің басты мақсаты – АИТВ-инфекциясының алдын алу және емдеу мәселелері бойынша жағдайды зерделеу, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету. Орталықтың  мамандары АИТВ-ны диагностикалау, емдеу және пациенттерді бақылау, сондай-ақ АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту мәселелері бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді….

Құрманғазы орталық ауруханасына әдістемелік көмек

2025 жылдың  17-18  сәуір аралығында  Атырау  облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мамандары  Құрманғазы  ауданына  жұмыс сапарымен барды. Сапардың негізгі мақсаты:АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың Жол картасына сәйкес, өңірдің дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлерін даярлау. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелеріне, жүктілік, босану және емізу кезінде АИТВ, мерез және С вирустық…

АИТВ тақырыбында дәріс

Орталығымыздың алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігер көмекшісі Жұпар Иманғалиева ММ “Сәулет және қала құрылысы бөлімі”, ЖК “Artbaget”, ЖШС “Спецавтобаза”, ЖШС “Альфа-КТ” мекемелерінің қызметкерлеріне АИТВ тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында Жұпар Иманғалиева АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу шаралары және инфекциядан сақтану үшін қажетті жеке гигиена мен қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, қатысушыларға АИТВ тестілеудің…

Мерекелік құттықтау

Мереке күні орталығымызда ер-азаматтардың ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізіліп, «Senim» кәсіподағы атынан құттықтау жолданды. Сонымен қатар, ұйымдастыру алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айгүл Мекесовна және бағдарламашы маманының туған күндерімен құттықтап, ізгі тілектер жолданды. Мереке құтты болсын!

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey