«Таразы» бағдарламасына сұхбат

- admin_atsc
- 26.11.2024
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлері Альфия Меңдіғалиқызы, Төлеміс Серікұлы, Асем Қанатқызы және Геолог емханасында орналасқан “Самға” жастар денсаулық орталығының басшысы Талғат Әлішер Талғатұлы жергілікті “Caspian News” арнасының «Таразы» бағдарламасына сұхбат берді. Спикерлер АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында өткізілетін іс-шаралар, АИТВ-жұқпасы бойынша облыстың эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпараттар берді. Сонымен қатар мамандар тұрғындарды мінез құлық болған кезде АИТВ-ға уақытылы тексеріліп өз АИТВ-статусын білудегі алдын алу шараларын ұсынды. Сондай ақ, АИТВ-ға зертханалық тексеру тұрғындарға тегін жүргізілетінін, АИТВ жұқпасын дер кезінде анықтап ем қабылдау өмір сапасын және өмір сүру ұзақтығын арттыруға көмектесетіндігі туралы ақпараттарды жеткізді.
comments powered by HyperComments