Атырау облыстық АИТВ  орталығы

AИТВ инфекциясын алдын алу тақырыбында кездесу өткізілді

Add content here (w = 1~12 )
Add content here
13 қаңтар күні Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясында «АИТВ аурушандығын алдын алу» тақырыбында арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен оның алдын алу тәсілдері туралы ақпарат беру, сондай-ақ, денсаулық сақтау мен қоғамдық қауіпсіздік тұрғысынан АИТВ аурушандығын болдырмау үшін қажетті шараларды түсіндіру болды.

Кездесуге АИТВ орталығының маманы Мереке Баймуханова қатысып, оқушыларға жан-жақты мәлімет берді. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, осы тақырыпқа қатысты оларды толғандыратын мәселелер бойынша пікір алмасты. Кездесу 63 жоғары сынып оқушысының қатысуымен өтті.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey