Атырау облыстық АИТВ  орталығы

АИТВ алдын алу бойынша дәріс оқытылды: Сән салондарындағы қауіпсіздік шаралары мен санитарлық талаптар

nullКей сән салондарында маникюр, педикюр, татуаж, пирсинг сияқты процедуралар кезінде зарарсыздандырылмаған құралдардың қолданылуы қан арқылы жұғатын жұқпалы ауруларды (мысалы, гепатит, АИТВ және басқа да инфекциялар) таратуы мүмкін. Бұл салондарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық құралдарды дұрыс өңдеп, зарарсыздандыру талап етіледі.

Алдын алу шаралары

Осы қауіптердің алдын алу үшін, бір реттік құралдарды пайдалану немесе құралдарды бірнеше рет пайдаланбау қажет. Сондай-ақ, салондардағы қызметкерлерге барлық процедуралар алдында гигиеналық талаптарды сақтау міндеттелуі тиіс. Бұл құралдарды зарарсыздандыру және жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау арқылы жұқпалы аурулардың алдын алуға болады.

Орталықтың алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігер көмекшісі Имангалиева Жупар осы мәселе бойынша “NURIA” , “Mona Beauty Home” , “Арсланова” сән салондарындағы қызметкерлер мен кәсіп иелеріне дәріс оқып, жұғу жолдарын болдырмау, инфекциялық аурулардың алдын алу үшін қажетті шараларды түсіндірді. Бұл дәрісте әр салон қызметкері мен кәсіпкердің міндеттері, сонымен қатар, жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу үшін қабылдануы қажет сақтық шаралары туралы ақпарат берілді.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey