Жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу: Білім ордаларындағы рөлі

- admin_atsc
- 16.03.2025
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
АИТВ орталығының маманы М.Баймұханова АИТВ инфекциясын алдын алу тақырыбында Атырау қаласындағы білім ордаларында дәріс өткізді. Аталған шара №12 Ф.Досымова, №5 Ғ.Мүсірепов және М.Отаралиев мектептерінде 200-ге жуық жоғары сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Бұл дәрістердің негізгі мақсаты – жастар арасында АИТВ инфекциясының жұғу жолдары мен оның алдын алу шаралары туралы ақпараттандыруды күшейту болды.
Дәрістер барысында М.Баймұханова АИТВ инфекциясының адам денсаулығына қандай әсер ететінін, оның жұғу жолдарын, сондай-ақ, аурудың алдын алу үшін қандай сақтық шараларын қабылдау қажет екендігін түсіндірді. АИТВ инфекциясының жұғу жолдары мен қауіп факторлары туралы түсінік беру, жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал ету – бұл шаралардың басты мақсаттарының бірі болды.
comments powered by HyperComments