«ATYRAY RADIOSY» бағдарламасында АИТВ-инфекциясы мәселесі бойынша сұқбат

- admin_atsc
- 15.05.2025
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық АИТВ -инфекциясының алдын алу орталығының бөлім меңгерушісі Айгүл Мұқанбетқалиева 14 мамыр күні «ATYRAY RADIOSY» «Бір дерек» бағдарламасында қонақта болды.
Радио тыңдармандарына Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы мен Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіліп жатырғаны айтылып, облыстағы эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясы оның берілу жолдары және АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралар таныстырылды.
Сонымен қатар маман тұрғындарды қауіпті мінез-құлық болған кезде АИТВ-ға уақытылы тексеріліп, өз АИТВ-статусын білуге шақырды. АИТВ-ға зертханалық тексеру тұрғындарға тегін жүргізілетінін, АИТВ жұқпасын дер кезінде анықтап, ем қабылдаса ұзақ сапалы өмір сүру мүмкіндігі бар екенін түсіндірді.
comments powered by HyperComments