Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Ата Заң- тәуелсіздік тірегі

2025 жылдың  25 тамызында  АИТВ орталығының қызметкерлері арасында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының  Конституциясы  күні «Ата Заң- тәуелсіздік  тірегі»  тақырып бойынша жиналыс өтті.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалғаннан кейін АИТВ орталығының заңгері Баянова Майра Темирханқызы орталықтың қызметкерлеріне  Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай баяндама жасады. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуында Ата-заңымыз – Конституцияның маңыздылығын атап өтті.

Жиналыста Конституцияның басты мақсаты – қазақстандықтардың әл-ауқаты мен өмір сүру жағдайын жақсарту екені айтылды. Негізгі заңға өзгерістер ел тәуелсіздігін нығайтудың, қазақстандықтардың шынайы отансүйгіштігінің, олардың конституциялық құқықтары мен еркіндігін қорғау тетігін күшейтудің және елдің жан-жақты түрленуінің нышаны болатыны және   Ата Заңымыз  9 бөлімнен тұратындығы, оның ішінде  әрбір көрсетілген баптар туралы айтылды.

Биыл Қазақстан халқы еліміздің басты құқықтық құжаты – Конституцияның қабылданғанына 30 жылдығын атап өтуде. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған бұл құжат тәуелсіз мемлекетіміздің саяси және құқықтық негізін қалап, демократиялық даму жолына бағыт берді. Ата Заң – еліміздің Тәуелсіздігін нығайтқан, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз еткен темірқазық құжат.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey