Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Аутрич-қызметкерлермен кездесу өтті

Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында аутрич-қызметкерлермен кездесу өтті. Кездесуге Орталық директоры А. Қудаманова қатысып, халықтың түйінді топтары арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады.

Кездесу барысында халықтың түйінді топтарын АИТВ инфекциясының алдын алу бағдарламаларымен және тестілеумен толық қамту, жаңа анықталған жағдайларды уақтылы есепке қою, сондай-ақ медициналық бақылау мен емді дер кезінде бастау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар аутрич-қызметкерлердің жұмыс нәтижелілігін бағалауға бағытталған негізгі көрсеткіштер айқындалып, алдағы кезеңдегі жұмыс бағыттары нақтыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша аутрич-қызметкерлермен қосымша келісімшарт жасалып, АИТВ инфекциясының алдын алу бағытындағы жұмысты одан әрі жүйелі түрде жүргізу бойынша міндеттер белгіленді.

Мұндай кездесулер профилактикалық жұмыстың сапасын арттыруға, халықтың түйінді топтарымен жұмысты тиімді ұйымдастыруға және АИТВ инфекциясын ерте анықтау мен алдын алу шараларының нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey