5 қалалық емханасында медицина қызметкерлер арасындағы семинар

2017 жылдың 31 мамырында Атырау облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері 5 қалалық емханада медицина қызметкерлері арасында «Тұрғындарды эпидемиологиялық және клиникалық көрсетілім бойынша тестілеу, постбайланысты профилактика, реципиенттер мен жүкті әйелдер арасында АИТВ жұқпасын алдын-алу бойынша жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізіп, сауалнамалар жүргізді. Семинарда постбайланысты профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру жөнінде рольдік ойынмен көрсетіп дәрігер- эпидемиолог Ерғалиева Э.Ж. баяндады. Қызметкерлер арасында сауалнама жүргізілді. 39 медицина қызметкерлері қамтылды.