Атырау қаласында медицина қызметкерлеріне мастер класс жүргізілді

- admin_atsc
- 27.09.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау қаласының жеті емханасы мен облысық және қалалық перинатальдық орталықтарында 2017 жылдың 13 мен 22 қыркүйек аралығында «АИТВ инфекциясына экспресс тест жүргізу» тақырыбында мастер-класс өткізілді.
Шараны облыстық ЖИТС орталығының емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Б.Аустниязова, зертхана меңгерушісі Т.Меньщикова жүргізді.
Мақсат: медицина қызметкерлеріне АИТВ-ға экспресс тестіні жүргізуді оқыту. Мастер- класта экспресс тестінің техникасы мен әдістемесіне аса көңіл аударылды.
Медицина қызметкерлері қызығушылықпен белсенділікпен өздерін танытты. Барлығы 299 адам оқудан өтті.