Атырау қ. кардиологиялық орталықтағы семинар

- admin_atsc
- 27.10.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
22 қазанда облыстық кардиологиялық орталықта әдістемелік көмек көрсету мақсатында медицина қызметкерлеріне семинар өткізілді. Семинарды Атырау облыстық ЖИТС орталығының эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Г.Умарова мен дәрігер эпидемиолог М.Ермашева жүргізді.
Тренерлер байланыстан кейінгі алдын алу, апаттық жағдайлар кезінде алгоритмі қолдану, барлық қауіпсіздік іс-шараларын сақтау туралы айтылды.
Шара барысында диагноздарды кодтау, тесті жүргізу және алдағы уақыттағы жұмыс әдістері талқыланды.
Семинар соңында орталықтың 20 медицина қызметкерлеріне аттестация жүргізілді.