Атырау облыстық ЖИТС орталығы «АИТВ және ұрпақ тәрбиесі» атты акцияға қатысты

- admin_atsc
- 17.11.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2017 жылдың 15-ші қарашада Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы кампаниясы кезінде №31-ші мектеп-гимназиясында Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «АИТВ және ұрпақ тәриесі» атты акция өтті. Мектеп-гимназияның драма үйірмесі дайындаған «Есірткі құрбаны» атты қойылым қойылды. Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары педагог А.Тунгатарова, эпидемиолог көмекшісі Ж.Имангалиевамен аймақ бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, берілу және сақтану жолдары туралы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтары мен кемсітушілік туралы баяндама жасады. Бейнетаспалар көрсетіліп ақпараттық құралдар таратылды.