ЖИТС орталығының маманы жастармен кездесуі

- admin_atsc
- 23.11.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2017 жылдың қарашаның 20-да Атырау облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.С.Тунгатарованың қатысуымен №26 орта мектеп оқушыларымен және Атырау мұнай және газ технологиялық колледж студенттерімен кездесу өткізілді. АИТВ жұқпасымен өмір сүретін адамдарға деген көзқарасты өзгерту, олардың құқықтары туралы, кемсітушілікті жою шараның мақсаты.
Орталық маманы АИТВ-инфекциясының аймақ бойынша эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары туралы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтары мен кемсітушілікке туралы презентация жасады. Бейнетаспалар көрсетілді, ақпараттық құралдар таратылды. Катысқандар саны 91адам.