Атырау қаласы мектептеріндегі кездесу
- admin_atsc
- 29.01.2018
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2018 жылдың 29-шы қаңтарында №33 Қ.Қайсенов атындағы және №1 М.Жұмабаев атындағы қала мектептерінде оқушылармен кездесу өтті. Атырау облысы ЖИТС орталығының педагогы А.Тунгатарова шара барысында АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу, Атырау облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ өмір сүретін адамдар құқы, кемсітушілік тақырыптары қозғалды.
Кездесу соңында оқушыларға ақпараттық құралдар таратылып, бейнетаспалар көрсетілді. Барлық қамтылған оқушылар саны-194.
comments powered by HyperComments