“Қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидалары” тақырыына өткізілген облыстық семинар

- admin_atsc
- 28.06.2019
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2019 жылы 31 мамырда Облыстық қан орталығы мен ЖИТС орталығы мамандарының бірігуімен кешенді жоспар бойынша «Қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидалары» тақырыбына семинар өтті.
Семинарды орталықтың директоры Н.Ә.Айтмұхамбетов ашты. Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологялық бөлімнің дәрігерлері семинарға қатысушыларды донорлар және реципиенттер арасындағы АИТВ/ЖИТС эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды.
Семинар барысында қойылған сұрақтарға жауап алынып, көптеген пайдалы ақпараттар берілді. Семинарға барлығы 18 адам қатысты, семинар соңында барлық қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылды.