Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің медициналық қызметкерлеріне өткізілген семинар

- admin_atsc
- 18.02.2020
- Жаңалықтар
- One response
2020 жылдың 11-ақпан күні ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Б.Ережепов, дәрігер-эпидемиолог Э.Ерғалиева және дәрігер-лаборант Н.М.Баймурзина Атырау облыстық онкологиялық диспансерініңмедициналық қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетті.
ЖИТС орталығының қызметкерлері семинарға қатысушыларды облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.Сонымен қатар, медициналық қызметкерлерге жұмыс орнында апаттық жағдай туындағанда АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары айтылды, жедел тесттің жасау техникасы толыққанды көрсетіліп, түсіндірілді.
Семинарға қатысушылар қойған сұрақтарына толықтай жауап алды.
comments powered by HyperComments
Inscreva-se para obter 100 USDT
2025-02-14 09:25:56
Your point of view caught my eye and was very interesting. Thanks. I have a question for you.