ZOOM платформасында оқушылармен кездесу өткізілді

- admin_atsc
- 19.05.2021
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы М.Баймуханова “Медикер Жайық” ЖШС “Qamqor qp2” мамандары Н.Супалдиярова , Г.Максимқызы 17-18 мамыр аралығында Атырау қаласындағы №6, №12, № 17 орта мектептердің оқушыларымен Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай ZOOM платформасында кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – оқушылардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті арттыру.
Қатысушыларға АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, аурудың берілуі мен алдын алу жолдары туралы толыққанды ақпараттар, сонымен қатар кеңестер мен қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.