Дәрілік көмекті тегін алуға кімнің құқығы бар?

- admin_atsc
- 27.05.2021
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен тегін қамтамасыз етілуге құқығы бар.
Тегін берілетін дәрілерді алудың өз реттілігі бар. Тегін берілетін дәрілер белгілі бір аурумен ауыратын ауруларға, яғни дерт түріне қарай нақты тізім бойынша беріледі. Бұл тізім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығының негізінде қалыптастырылған.Бұйрыққа сәйкес, 48 дерт бойынша 280 дәрі-дәрмектертүрі тегін.
Амбулаторлық деңгейде тегін рецептілерді алу үшін, Сіз емханаға тіркеліп, Тіркелген тұрғындар тізімдемесіне Сіз туралы ақпарат енгізілуі үшін диспансерлік тіркеуде болуыңыз қажет.
Тегін дәрі-дәрмек алу үшін қарапайым үш қадам жасау жеткілікті: бірінші – емханаға тіркелу, екінші – диспансерлік тіркеуге алынып, ары қарай учаскелік терапевтте немесе салалық (бейінді) маманның бақылауында болу. Үшінші өзіңіздің жеке куәлігіңіз бен рецептіңіз арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі қызметінің жеткізушісі болып табылатын дәріханаға жүгіну.
Барлық рецептілерді медициналық ұйымдардың учаскелік дәрігерлері мен салалық (бейінді) мамандары жазып береді. Дәрілік заттарға рецептілер мынадай қағидаларды есепке алу арқылы жазылады:диагноз расталуы және белгіленуі тиіс, дәрі-дәрмек диагнозға және дәрігерлердің көрсеткіштеріне, науқастың қандай диспансерлік топқа жатуына сәйкес, сондай-ақ халықтың белгілі бір санатына байланысты тағайындалады. Дәрілік заттар саудалық атауы көрсетіле отырып халықаралық патенттелмеген атауы бойынша беріледі. Бірнеше препараттарды бір мезгілде, жиі негізсіз пайдалануды болдырмау үшін бір пациентке тағайындалған дәрілік заттардың жалпы саны бес дәрі-дәрмектен аспауы қажет. Рецепт бойынша берілетін дәрі-дәрмектер бір науқасқа 1 айда 1 реттен артық берілмейді. Ұзақ уақытты курстық ем қабылдау кезінде, науқасқа 1 айға жеткілікті мөлшерде дәрі-дәрмек беріледі.Науқасқа берілетін дәрі-дәрмектің саны емдеу курсы есебінен белгіленеді, тұрақты емді қажет ететіндерге үш ай есебінде тағайындалады.
Егер Сізде аурудың нақты түріне қатысты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде қиындықтар туындаса, сіз бас дәрігерге немесе денсаулық сақтау ұйымы директорының орынбасарына жүгіне аласыз.