Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атыраудың денсаулық сақтау саласында жаңа тағайындау

Атыраудың денсаулық сақтау саласында жаңа тағайындау
Нұрмұханов Қуаныш Құлбайұлы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының “ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы” директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Нұрмұханов Қуаныш Құлбайұлы, Атырау (Гурьев) облысы Құрманғазы ауданы, Ганюшкино селосында туған.
1982 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының емдеу ісі факультетін аяқтады.
Соңғы тағайындауға дейін Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры қызметін атқарды.
«Денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы» мамандығы бойынша жоғарғы санатты дәрігер.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» салалық марапаттар иегері.
Ұзақ жылғы еңбегі мен облыстың практикалық денсаулық сақтау ісін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Атырау облыстық мәслихатының Алғыс хатымен және ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталған. Атырау облысы емдеу-сауықтыру мекемелері арасындағы жыл байқау қорытындысы бойынша «Үздік ұйымдастырушы-2010» номинациясының жеңімпазы.
Жанұялық жағдайы: Үйленген, 3 ұл-қызы, 5 немересі бар.

comments powered by HyperComments
registrera dig f"or binance
2024-09-28 11:31:13
Thanks for sharing. I read many of your blog posts, cool, your blog is very good.
create binance account
2024-12-28 11:06:23
Thanks for sharing. I read many of your blog posts, cool, your blog is very good.
binance Sign Up
2025-03-04 10:54:43
I don't think the title of your article matches the content lol. Just kidding, mainly because I had some doubts after reading the article.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey