Атырау медициналық колледжіндегі семинар
- admin_atsc
- 30.11.2016
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
«Мен қолдаймын! #АИТВ-ның алдын алу» ұранымен 2016 жылдың 25 қарашасы күні Атырау медициналық колледжіндегі студенттердің ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналғансеминар өтті.
Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес Кампаниясыныңбасты мақсаты-АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселесіне халықтын назарын аудару, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау, жастар арасында алдын алу шараларын кеңінен ұйымдастыру.Семинар барысындаАтырау облыстық ЖИТСорталығының мамандары К.Дюржанова мен М.Баймуханова АИТВ-ның алдын алу туралы студенттерге толық мәлімет берді. Сонымен қатар шарада концерттік бағдарламалар, театральді көрсетілім, флешмоб, суреттер және қолдан жасалған бұйымдар мен бейнефильм көрсетілді.
Студенттердіңқойған сұрақтарына жауаптар беріліп,ақпараттық-ағарту құралдары таратылды.