Жеке меншіктегі медицина ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетілді

- admin_atsc
- 03.06.2022
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2022 жылдың 26-27 мамырында Атырау облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары «Ореn» және «Интелмед» клиникаларының медицина қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетті.
Орталықтың мамандары медицина қызметкерлерін нормативтік- құқықтық құжаттармен, Атырау облысындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша мәліметтерді айтқаннан кейін, жұқпаны ерте анықтау мақсатында клиникалық көрсетілімдер бойынша тексеру, кодтардың дұрыс қойылуы, жұмыс орындарында АИТВ-инфекциясының кәсіби жұғуының алдын алудың негізгі әдістері туралы баяндады.
АИТВ-инфекциясының зертханалық диагностикасы үшін биоматериалды алу, сақтау және жеткізу ережелері туралы мазмұнды түсіндірді.
Іс-шараға барлығы 15 дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері қатысып, сұрақтарға жауаптар беріліп, мамандардың тәжірибелік ұсыныстары айтылды.
comments powered by HyperComments