Қалалық перзентхананың медицина қызметкерлеріне арналған семинар

- admin_atsc
- 27.03.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы А.Серікбаева қатысушыларды медициналық ұйымдарда АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін, ҚР ДСМ құжаттарымен таныстырды. Қатысушыларға АИТВ-ға жедел тестілеу, психоәлеуметтік кеңес беру, қанды алу, сақтау және тасымалдау ережелері, АИТВ-мен байланысты авариялық жағдай болған кезде медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне және контактіден кейінгі қауіпті азайту мақсатында антиретровирустық препараттарды қабылдаудың қысқа курсымен таныстырды.
Дәрігер – инфекционист А.Бисенов өз презентациясында, АИТВ-ның анадан балаға берілуін алдын алу, АИТВ-инфекциясы кезінде жүктілікті, босануды, босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу ерекшеліктеріне тоқтады. Дәрігерлер барлық қойылған сұрақтарға толық жауап берді.
comments powered by HyperComments