Облыстық психикалық денсаулық орталығындағы семинар

- admin_atsc
- 05.05.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Серікбаева мен эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Т.Шаменов облыстық психикалық денсаулық орталығы медициналық қызметкерлері арасында АИТВ – инфекциясы мәселелері бойынша семинар өткізді.
Семинарда АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, 27.11.20 жылғы № ҚР ДСМ-211/2020 «АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы», апаттық жағдайлар, олардың әрекеттері, байланыстан кейінгі профилактика бойынша жұмыстар туралы баяндады.
Сонымен қатар инекциялық есірткі тұтынушылар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмыстарын күшейту және оларды АИТВ-ға тестілеу мәселелері айтылып, «4 буын экспресс тестімен» жұмыс жасау техникасы үйретілді.
comments powered by HyperComments