Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Клиникалық ұсынымдар

Клиникалық ұсынымдар – дәлелді медицина қағидаттарына негізделген аурулардың алдын алу, диагностикалау, емдеу және оңалту алгоритмдерін қамтитын құрылымдалған құжаттар. Олар дәрігерлер мен пациенттерге нақты клиникалық жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға көмектесіп, сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Клиникалық ұсынымдардың құрылымы

Әдетте клиникалық ұсынымдар келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Диагностика – зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері, сондай-ақ диагнозды растау кезеңдері.
  2. Емдеу – консервативті емдеу сызбалары және хирургиялық араласуға көрсетілімдер.
  3. Пациенттерді жүргізу хаттамалары – медициналық қызметкерлердің пациентке медициналық көмек көрсету кезіндегі іс-әрекеттерінің реттілігі.
  4. Алдын алу және оңалту – аурудың алдын алуға, асқынуларды болдырмауға және пациенттің денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар.

АИТВ-инфекциясын диагностикалау бойынша клиникалық ұсынымдар

АИТВ-инфекциясын диагностикалау серологиялық зерттеулерді, яғни АИТВ-ға қарсы антиденелер мен p24 антигеніне скринингтік тестілерді жүргізуді қамтиды.

Зертханалық зерттеуден өтпес бұрын мынадай ұсынымдарды сақтау қажет:

  1. Дәрігерге қаралып, психоәлеуметтік кеңес алу.
  2. Дәрігерге бар ауруларыңыз, қабылдап жүрген дәрілік препараттарыңыз, сондай-ақ алкоголь мен есірткі заттарын қолдануыңыз туралы ақпарат беру.

Қан алу алдында дәрігердің зерттеуге дайындалу жөніндегі барлық ұсынымдарын сақтау.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey