Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Үлгілерді қабылдау және қабылдамау критерийлері

  1. Жалпы ережелер

Үлгілерді қабылдау және қабылдамау критерийлері — зертхананың зерттеу нәтижелерінің дұрыстығы мен сапасына кепілдік беруі үшін биологиялық материалдың жағдайына қойылатын регламенттелген талаптар жиынтығы.

  1. Үлгілерді қабылдау критерийлері

Зертхана үлгілерді келесі талаптарға сәйкес болған жағдайда қабылдайды:

  • Қаптаманың бүтіндігі:
    Контейнерлер, пробиркалар немесе басқа да ыдыстар тығыз жабылған, зақымданбаған және ағып кету белгілері болмауы тиіс.
  • Таңбалануы (маркировка):
    Үлгіде пациент туралы қажетті мәліметтер, биоматериалды алу күні мен уақыты, сондай-ақ үлгіні алған қызметкер туралы ақпарат анық, толық және оқылатын түрде көрсетілуі тиіс.
  • Сақтау және тасымалдау жағдайларының сәйкестігі:
    Үлгі тасымалдау кезінде белгіленген талаптар сақталып, қажет болған жағдайда термоконтейнерлер қолданылып, температуралық режим қамтамасыз етілуі тиіс.
  • Материал көлемінің жеткіліктілігі:
    Биоматериал мөлшері барлық жоспарланған зерттеулерді орындауға жеткілікті болуы қажет.
  • Жеткізу мерзімдерінің сақталуы:
    Үлгі зертханаға нормативтік құжаттарда және нақты зерттеу талаптарында белгіленген мерзім ішінде жеткізілуі тиіс.
  1. Үлгілерді қабылдамау критерийлері

Үлгі келесі жағдайларда қабылданбайды:

  • Қаптаманың бүтіндігінің бұзылуы:
    Контейнер зақымдалған, герметикалығы бұзылған немесе материалдың төгілу белгілері болған жағдайда.
  • Таңбаланудың болмауы немесе дұрыс рәсімделмеуі:
    Таңбалау жоқ, оқылмайды немесе үлгіні нақты сәйкестендіруге мүмкіндік бермейді.
  • Сақтау және тасымалдау талаптарының бұзылуы:
    Тасымалдау кезінде белгіленген жағдайлар сақталмаған, соның ішінде температуралық режимнің бұзылуы, материалдың рұқсат етілмеген қызуы немесе қатып қалуы.
  • Материал көлемінің жеткіліксіздігі:
    Қажетті зерттеулерді орындауға үлгі мөлшері жеткіліксіз.
  • Жеткізу мерзімдерінің сақталмауы:
    Биоматериал алынған уақыттан бастап зертханаға түскенге дейінгі рұқсат етілген сақтау мерзімі өтіп кеткен.
  • Үлгінің жарамсыздық белгілерінің болуы:
    Гемолиз, түсінің өзгеруі, тұнбаның пайда болуы, ластану немесе биоматериалдың бұзылғанын көрсететін басқа да белгілер анықталған жағдайда.
  1. Үлгіні қабылдамау кезіндегі әрекеттер

Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда зертхана:

  1. Үлгіні қабылдаудан бас тарту фактісін және оның себебін белгіленген құжаттарға (тіркеу журналына) тіркеуі тиіс.
  2. Үлгінің қабылданбау себептері туралы тапсырыс берушіге, емдеуші дәрігерге немесе жауапты тұлғаға хабарлауы қажет.
  3. Белгіленген талаптарға сәйкес келетін жаңа биоматериалды қайта алуды сұрауы тиіс.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey