Атырау облысындағы ҚАЖД- дегі жиналыс

2018 жылдың алтыншы сәуірінде Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ЖИТС орталығымен жылдық жоспарға сай бірлескен жиналыс өтті. Жиналыста мекеме басшыларының орынбасарлары, медициналық бөлімінің бас және жауапты мамандары қатысты. Шарада пенитенциарлық мекемелерде АИТВ және ЖИТС жұқпасын алдын алуға өткізіліп жатырған шаралар туралы баяндамалар тыңдалып, талқыланды. Алдын алу шараларының бірі- бас бостандығынан айырылғандарды АИТВ жұқпасына тексеруден өткізу және АИТВ туралы ақпараттық оқыту құралдарымен қамту, насихаттау жұмыстарын үнемі жүргізілуі ескертілді.