ЖИТС мамандардың жұмыс мигранттарымен кездесуі
- admin_atsc
- 03.11.2016
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Тенгиз вахталық қалашығындағы «КазПако» компаниясының шақыруыменен «Жұмыс мигранттары арасында АИТВ ауруын алдын-алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда бөлім меңгерушісі Умарова Г.А. АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайына тоқталып, АИТВ/ЖИТС-тің таралу жолдарымен, жанұядан тыс жүрген кезде бей берекетсіз жыныстық қатынасқа бармау, алдын-алу шаралары жөнінде облыстық ЖИТС орталығының дәрігері Каракулова А.А. толық мағлұмат берді. Сонымен қатар қауіпсіздік ереже сақтау қызметкерлерініне АИТВ инфекциясының тарихы, таралу және алдын-алу шаралары жөнінде фильм көрсетілді.
ЖИТС орталығының мамандар қойылған көп сұрақтарға нақты жауаптар берді. Компания өкілдері өткізілген шараға алғыстарын білдіріп, келешекте АИТВ-дан алдын- алу жөнінде біліктілігін арттырып, ынтымақтастықпен бірлесіп жұмыс жасауға сендірді.
comments powered by HyperComments