Атырау облысындағы пресс-конференция
- admin_atsc
- 22.05.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2017 жылдың 16 мамырында Атырау облыстық ЖИТС орталығының конференц-залында ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында баспасөз өкілдерімен пресс-конференция өткізілді. Шараға «Атырау», «Прикаспийская коммуна» және жергілікті «Қазақстан-Атырау» телеарнасының өкілдері қатысты.
Бас дәрігердің м.а. Л.Акбанова, бөлім меңгерушілері Б.Аустниязова, Э.Ергалиева тілшілерге еске алу күннің маңызы мен мақсаты, эпидемиологиялық ахуалы және АИТВ жұқпасы бар адамдарға көрсетілетін көмек жөнінде баяндалды. Тілшілердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Қатысушыларға ақпараттық-ағарту құралдары таратылды.