БИЗНЕС ҚҰРЫЛЫМЫНДА СЕМИНАР
- admin_atsc
- 02.10.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2017 жылдың қазан айында ЖИТС орталығының мамандары «Shlumberger» ЖШС бизнес қауымдастығында «АИТВ/ЖИТС бизнеске ықпалы» атты семинар өткізді.
Мақсаты бизнес құрылым басшыларының Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі, соның ішінде «АИТВ/ЖИТС бизнеске ықпалы» көрсеткіші жөнінде хабардарлығын арттыру.
М. Испергенова ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі семинарға қатысушыларға АИТВ – инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шараларымен АИТВ инфекциясының бизнеске әсері жөнінде айтып өтті.
Ұйымдастырылған іс-шара барысында осы тақырыптағы презентациялық материалдармен таныстырылып, қатысушылар арасында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша сауалнама жүргізіліп, оқу ағарту құралдары таратылды.
comments powered by HyperComments