Атырау қаласы кәсіпорын басшыларына өткізілген семинар

- admin_atsc
- 17.10.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасында ЖИТС орталығының мамандары 11 қазанда ірі және орта бизнес құрылым басшыларына «АИТВ/ЖИТС пен туберкулездің бизнеске әсері» тақырыптарында семинар ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты- Қазақстан Республикасында елдің инвестициялық тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілік рейтингісін арттыру қажеттігі туралы түсіндіру.
ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі М.Испергенова мен дәрігер эпидемиолог Р.Муканова басшыларға Қазақстан Республикасы мен облыстағы АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы, ЖБҚ рейтингісін көтеру, стигма мен дискриминацияны төмендету, АИТВ мен туберкулездің емі мен алдын алу шаралары мемлекетпен кепілдендірілгені және инфекциялардың бизнеске ешқандай әсер тигізбейтіндігі туралы хабардар етті.
Кездесу соңында семинарға қатысқан 25 басшыға сауалнама жүргізілді.