Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен  (ЖИТС) күресудің Бүкіләлемдік күнінің 2017 жылғы тақырыбы – “Денсаулыққа құқық”  

Жыл сайын  1 желтоқсанда  жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен (ЖИТС) күрес күні  дүние жүзінде аталып өтеді. Осыған орай  Атырау облысы  әкімінің  орынбасары  Ә.Нәутиевпен бекітілген жоспарға және   облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2017 жылғы 7 қарашадағы  №734 бұйрығына сәйкес облыс көлемінде 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында  Кампания жарияланды. Айлық шеңберінде денсаулық сақтау, білім, жастар саясаты, мәдениет, спорт басқармалары, ішкі істер, қылмыстық атқару жүйесі департаменттері және түрлі ұйымдар мен салалардың қатысуымен  облыс халқы  арасында ЖИТС-тің алдын алу туралы шаралар ұйымдастырылады

 ПРЕСС РЕЛИЗ

Неге “Денсаулыққа құқық ” ?

Әрбір адамның денсаулыққа деген құқығы бар және ол заңмен белгіленген. Ешқандай дискриминация мен  стигмаға жол беруге болмайды. Медициналық көмек барлығына қолжетімді, қолайлы және сапалы болуы тиіс.

Жұқтырылған иммун тапшылығы  синдромы (ЖИТС) эпидемиясы әлем жұртшылығының назарын денсаулыққа деген құқықтың маңыздылығына аударды. ЖИТС-ке қарсы шаралар денсаулыққа деген құқық пен салауаттылыққа негізделеді және денсаулық сақтау  қызметінің ғаламдық кеңеюінің  ең жақсы үлгісі болып табылады.

ЖИТС-ке қарсы шаралар денсаулыққа деген құқықтың жүзеге асуын нығайтты, өмірге қажеттті  маңызды дәрілерге қол жеткізу мүмкіндігін  кеңейтті, денсаулық сақтау жүйесін күшейтті және дискриминациясыз немесе мәжбүрлеусіз әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтау саласындағы  қол жетімділік пен сапалы қызметті ұлғайтты.

Құқыққа негізделген тәсіл  туберкулезге қарсы, С гепатиті, сексуалды және репродуктивті денсаулық пен  жұқпалы емес ауруларға қарсы күрестің жақсаруына,  денсаулық сақтаудың басқа да салаларына оң үлесін қосты.

Адам құқығымен күшейтілген  тұрақты даму мақсаты, денсаулыққа деген құқық пен басқа да құқықтардың, соның ішінде білім құқығы, теңдік, қудаламау, сот әділдігіне қол жеткізу, тамақтану және жеке өміріне қол сұқпау құқықтарының арасындағы байланысты күшейту үшін негіз болады.

Бүкіләлемдік  ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің Кампаниясы адам құқығына негізделген іс-әрекет мүмкіндігіне, денсаулық сақтау саласындағы тұрақты даму мақсатына көңіл аударады.

Атырау облысында 2017 жылдың 10 айында адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясымен Қазақстан Республикасының 23 азаматы, 2 шетелдік анықталды (2016 жылы 10 айда – 19 ҚР азаматы және 4 шетелдік).  Олардың 70% – 20-39 жас аралығындағы жастар, 74% – жұмыс жасайтындар. Жыныстық берілу жолының үлесі – 87% (2016ж.10ай -68,4%).

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey