Дүниежүзілік ЖИТС –ке қарсы күрес кампаниясы өтуде

- admin_atsc
- 16.11.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2017 жылдың 15 қарашасында ЖИТС орталығының мамандары «Денсаулыққа құқық» ұранымен ЮНЕЙДС-тің Дүниежүзілік кампаниясын қолдау мақсатында жолаушылар тасымалдау автокөлігі мен сауда үйлерінде плакаттар ілді. Мамандар сауда үйлеріндегі орналасқан радиотораптар арқылы АИТВ-ның жұғу жолдары мен алдын алу туралы халыққа түсінік берді.
Мақсат- АИТВ жұқпасының сұрақтарына халықтың назарын аудару. Әрбір адам өзінің статусын білу үшін АИТВ –ға тексерілуге құқылы.
2017ж. 23 қарашасында облыстық ЖИТС орталығында АШЫҚ ЕСІК КҮНІ деп жарияланды. Сол күні АИТВ-ға тегін тексеріліп, өздерін қызықтыратын сұрақтарға ақпараттана алады.
ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚҰҚЫҚ !
1-ЖЕЛТОҚСАН – Бүкіләлемдік жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен (ЖИТС-СПИД) күрес күні
Жұғу жолдары:
- Вирус жұқтырған адаммен жыныстық қатынас
- Қан арқылы (қан құю, тамырдан екпе алу кезінде,
залалсыздандырылмаған медқұралдар, татуаж, пирсинг, т.б.)
- АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы – ВИЧ)
жұқтырған анадан жүктілік, босану, емізу кезінде баласына
2017ж. 23 қарашада – облыстық ЖИТС орталығында АШЫҚ ЕСІК КҮНІ өтеді. АИТВ-ға тегін тексерілуге, керекті ақпарат алуға болады.
Мекен-жай: Владимирский к-сі, 22б (облыстық перзентхана жанында).
Сенім тел.: 21-31-86
comments powered by HyperComments