ЖИТС орталығы медициналық колледжде семинар өткізді

- admin_atsc
- 20.11.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
20 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні облыстық ЖИТС орталығының мамандары Атырау медициналық колледжінде білімін жетілдіру курсының тыңдаушыларына семинар өткізді.
Шараның мақсаты: Емдеу мекемелерінде АИТВ жұқпасының таралуының алдын алуды, дискриминация және стигмамен күрес туралы оқыту.
Семинарда АИТВ-ның облыстағы эпидемиологиялық ахуалы, алдын алу шаралары, жұмыс барысында апаттық жағдайлардан сақтану талаптары, жыныстық жұғу жолының көбейгені, медициналық көмекке жүгінген әрбір адамның кемсітушіліксіз көмек алуға құқылы екені айтылды.