Атырау қ. колледж студенттерімен кездесу

- admin_atsc
- 28.02.2018
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2018 жылы 27 ақпанда Атырау аграрлы-техникалық колледж студенттерімен Атырау облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.Тунгатаровамен кездесу өтті.
Іс-шара барысында маман «АИТВ» және «ЖИТС» ұғымдарын анықтады, жастарға өздерінің болашағы үшін іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау қажеттілігі туралы түсіндірді. АИТВ жұқтырған адамдарға стигматизация мен кемсітушілікке жол бермеу туралы мәселе талқыланды.
Бейнероликтер көрсетілді. Ақпараттық құралдар таратылды. Барлығы 82 студент қатысты.