Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментімен бірлескен мәжіліс өткізілді

- admin_atsc
- 18.10.2021
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2021 жылдың 18 қазанында Атырау облыстық ЖИТС орталығымен қылмыстық атқару жүйесі департаменті бірлескен мәжіліс өткізді.
Шара барысында ЖИТС орталығының директоры Қ.Қ.Нұрмұханов бірлескен жиналысты ашып, эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Ж.Б.Тулемисова « АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал,2021 жылдың 9 айында арнайы контингентті АИТВ инфекциясына тестілеу» , алдын алу бөлімінің меңгерушісі Т.С.Шаменов «Пенитенциарлық мекемелердегі арнайы контингентті АИТВ инфекциясының алдын алу бағдарламасымен қамту» тақырыптары бойынша баяндады.