Қорқудың қажеті жоқ, білу керек!
- admin_atsc
- 03.12.2021
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2021 жылдың 30 қарашасында Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары Абылғазиева А.Ж , мен Муканова Р.Т Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуде АИТВ – инфекциясы және оның берілу жолдары бойынша ақпарат ұсынылды. Оқушылар АИТВ-ны жұқтыру қаупін және оның алдын алу шараларын талқылауға белсенді қатысты.
Мамандар АИТВ-инфекциясымен байланысты мифтер туралы айтып, тыңдаушылардың назарын АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигма мен кемсітуге жол бермеуге аударды. Сонымен қоса , аумақтың эпидемиологиялық ахуалы туралы мәліметтер айтып өтті.
Қатысушылар ақпараттық – білім беру материалдарын алып, ерікті түрде жедел тесттен өтті. Шараға барлығы 30 адам қатысты.
comments powered by HyperComments