Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Пенитенциарлық мекемелерге профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

2022 жылдың 14-18 наурыз аралығында УГ 157/1,УГ157/9,УГ 157/11 мекемелерінде Атырау облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологтары А.Абылғазиева мен Р.Муканова дәріс өткізді. Мамандар Атырау облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайын, берілу жолдары мен диагностикасын, алдын алуы мен антиретровирустық терапиясы туралы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды шеттету, кемсіту мәселелеріне тоқталды.
Кездесуде қызықты мәселелер талқыланып, бірнеше сұрақтар қойылды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигма және кемсіту мәселелері айтылып өтті.
Іс-шараға 120 адам  қатысты.
comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey