Дәрігер гинекологтар арасында облыстық семинар

- admin_atsc
- 20.04.2022
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2022 жылдың 19сәуірінде Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығының базасында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2022 жылғы 15 сәуір № 147 бұйрығын орындау мақсатында облыстық перинаталдық орталық пен қалалық перзентхана , қалалық және аудандық медико-санитарлық ұйымдардың дәрігер гинекологтары арасында «Жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін АИТВ инфекциясына тестілеу» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Шараны орталықтың директоры Қ.Нұрмұханов ашып, қалған мамандар жүкті әйелдерді және олардың жыныстық серіктестерін тексеру, кәсіби берілуден алдын алу, АИТВ инфекциясын жұқтырған жүкті әйелдерге психологиялық көмек және АРТ қабылдау туралы мәселелер талқылады.
Қатысушыларға семинарға дейінгі және кейінгі тестілеу жүргізілді. Жиналғандар тақырып аясында сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Қатысқандар саны: 33 адам.
comments powered by HyperComments