Атырау қаласында әскери бөлімшеде «АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбындағы семинар

- admin_atsc
- 29.09.2022
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2022 жылдың 28 қыркүйегінде «ANGEL.NBA» ЖШС-нің «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық Ұланының 5546 әскери бөлімінің мәжіліс залында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
Шараға СӨСҚО дәрігері Г.Тайбуриева, үйлестірушісі А.Қарасай, ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы М.Баймуханова қатысты.
СӨСҚО маманы салауатты өмір салтын қалыптастырудың және АИТВ/ЖИТС-ке назар аударудың маңызды екендігін айтты.
ЖИТС орталығының маманы бүгінгі күні АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, жұқпаның таралуына жол бермеу, қорғаныш шараларын сақтау, АИТВ-статусын білудің маңыздылығы, инфекцияға шалдыққан адамдардың құқығын қорғау туралы ақпараттар берді.
Шара барысында “Қазақстан Атырау” телеарнасына сұхбат берілді.
Семинар соңында ЖИТС орталығының маманы АИТВ/ЖИТС бойынша барлық сұрақтарға жауап берді. 45 сарбаз қатысып, оларға АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша ақпараттық парақшалар таратты.