Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Оқушылармен кездесу

     2023 жылдың 13 ақпанында  Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы Баймуханова М.У.  «Болашақ өз қолымызда!»  ұранымен  У.Атамбаев атындағы орта мектептің  мұғалімдері және жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің басты  мақсаты – оқушылардың АИТВ / ЖИТС туралы білім деңгейін және олардың денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру.

Шара барысында облыстың эпидемиологиялық жағдайы , берілу жолдары, алдын алу шаралары туралы айтылды.

Маман сонымен қатар, қазіргі таңда АИТВ инфекциясын алдын алу үшін жанасуға дейінгі профилактика препараттарының бар екендігіне  тоқталды.

Қатысушыларға АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey